Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚҚА ҮН ҚОСТЫ.
Добавлено: 28.08.2019
қаралды: 52

ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚҚА ҮН ҚОСТЫ.

   ҚР Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан «Бірге – Таза Қазақстан» #Birge  #TazaQazaqstan экологиялық акциясын Шетпе жастары да өз үлестерін қосуда.

     Бүгін «Жасыл Ел» еңбек жасақтары Шетпенің белсенді жастары болып «Шетпе – Ақшымырау», «Шетпе – Тұшықұдық» тас жолы қиылысындағы шағын паркке тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл қиылыстағы аялдама паркі сонау 1960 жылдары ел жанашыры, білікті басшы Қыдырбай Жүсіповтың өзінің қолымен бастаған ісі болатын ды. Бүгінгі таңда жолаушылардың көлеңкелі орны саналатын жерге аудан, Шетпе жастары тазалық жұмыстарына бел шешіп кірісіп кетті.

     Аталмыш акцияға ұйытқы болған аудандық жастар ресурстық орталығы және аудан әкімдігі. Бұл орынды тазалауға жастар бір ауыздан келісіп, белсенділік танытты. Жастар акцияда аталмыш парктің айналасын, іші - сыртын күл қоқыстан тазалап ретке келтірді. 

    Парктің айналасынан 2 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар шығып, парктің  шет жағына барып өртелді. Парктің айналасын бар ықылас ынтасымен тазалаған жастар бұл жолы да жоғары белсенділігін аямады.

    «Тұрмыстық заттар мен қалдықтардың ошағына айналған жердің тазалығына әрбір тұрғын мән берсе екен тілектеміз. Өз ауылымыз бен туған жерімізді өзіміз реттемесек, таза ұстамасақ абыройымызға дақ түсері анық. Барша тұрғындарды осы айналаны таза ұстауға шақырамыз.» - дейді белсенді жастар.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы