Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ШЕТПЕ ЖАСТАРЫ ҚҰЛБАРАҚ АТАҒА БАРДЫ
Добавлено: 28.08.2019
қаралды: 52

ШЕТПЕ ЖАСТАРЫ ҚҰЛБАРАҚ АТАҒА БАРДЫ

    Бүгін Шетпе ауылының жастары мен "Жасыл ел" еңбек жасақшылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының "Қазақстанның киелі жерлер географиясы" бағыты бойынша Тиген ауылына жақын Құлбарақ ата қауымына арнайы барды. Шараны ұйымдастырған Маңғыстау аудандық Жастар ресурстық орталығы мен "Жас Отан" ЖҚ МАФ. Мақсат - ауыл жастары мен студент жастардың тарихи танымдық жан дүниесін күшейту және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламаны жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш саяхатқа 20 ға жуық жастар барса, оларды өлке тарихымен кеңінен таныстыру үшін Жастар орталығының басшысы журналист Аллаберген Қонарбаев бастап барды. Жастар алдымен Құлбарақ батырдың басына барып құран бағыштады. Сосын қауымдықты аралап осында жатырған атақты тұлғалар туралы мәліметтерге қанықты. Бұдан соң жастар қауымдық түнеуханасына барып шырақшымен әңгіме дүкен құрды.

      Құлбарақ Табылдыұлы - (1777, Маңғыстау өңірі, Бозащы – 1832) – халық батыры. Кіші жүздегі беріш руынан шыққан. Хиуа хандарының озбырлығына қарсы күрескен. Матай ақын “Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ” деп жырлаған. Құлбарақ ұрыс кезінде қаза тапқан.Аталары беріш Есболай батыр Маңғыстауға алғаш келіп қоныстанушылардың бірі. Жергілікті түрікмендермен анда болысып, қыз алысып, бейбіт қарым-қатынасты қалыптастырған. Құлбарақ түрікменнің атақты Сүйінғара батырының жиені. Құлбарақ батырдың ерлігі негізінен Хиуа хандығының аламан-қарақшыларынан ел қорғау ұрыстарында танылған. Матай ақын «Батыр болып туыпты, Табылдыдан Құлбарақ, Алты сан Алаш жиылып, Кем деген жоқ бір қазақ» деп жырлаған. 1832 жылы қысында Хиуа ханы Аллақұл Маңғыстауға 3 мың қол аттандырады. Құлбарақ аз қолмен күші басым жаумен Тиген жерінде ерлікпен ұрысып қаза тапқан. Аңызда қарақшы қол Құлбарақтың басын Сүйінғара батырдікі деп есептеп кесіп алып, хан алдына апарады. Сол жерде бұрыннан оны білетін, батырлығын бағалайтын хан басты құрметпен жерлеуге әмір етеді. Хиуаға жақын Махмұд палуан күмбезіне таяу жерленген Құлбарақтың басы содан бері елдің аузында «Бас әулие» делініп, зиярат ететін киелі орын саналады. Батырдың Тигенге жақын төбе басындағы зираты да әулие жер болып есептеледі. Бертінде басына сәнді күмбез, түнеухана салынды. Келер 2020 жылы Құлбарақ атаның 230 жылдығы Республика көлемінде аталып өтілмекші.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы