Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
ШЕТПЕГЕ НҰРГҮЛ АҚЫН КЕЛДІ.
Добавлено: 08.08.2019
қаралды: 30

ШЕТПЕГЕ НҰРГҮЛ АҚЫН КЕЛДІ.

Өлең десе ішкен асын жерге қоятын қазақпыз ғой. Бүгін Маңғыстау керемет аспаны жырға бөленді. Себебі де жоқ емес.  Шетпедегі Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінде Маңғыстау аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында "Заңғар Асу" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен және аудандық жастар ресурстық орталығының қолдауымен "Қазақ тілінің мәртебесі жасампаз" атты тақырыпта өлкеге танымал ақын, ғалым ұстаз Нұргүл Маулинамен кездесу өтті.

Кездесуде Нұргүл ақынның шәкірттері, ізбасарлары жас ақындар Ақкетіктің аруы, талантты ақын Жұмагүл Мұрсалова және белгілі режиссер, өнерпаз Алия Исаевалар өз арнаулары мен өлеңдерін арнады.

Кеште ауыл тұрғындары, жастары Алматымен Ақтаудан келген қонақтарға өздерінің шығармашылыққа қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Кешті ақын Аллаберген Қонарбаев жүргізіп отырды. Нұргүл Маулина 1978 жылы Бейнеу ауданы,Ақжігіт ауылында дүниеге келді. Жастайынан әдебиетке құмартып, өлең жаза бастады. Экономика ғылымының кандидаты Нұргүл Маулина. Бұл күндері Алматы қаласында қызмет етеді.

Алматыдан келген ақын апаныңы өлеңдерін Ақтаулық өрендер нақышына келтіре оқыса, Шетпелік өнерпаз жастар өз өнерлерін көрсетіп паш етіп, мықтылығын дәлелдеп бақты. Нұргүл апа жастарға өзінің соңғы шыққан кітабын таратып, керемет көңілмен тарқасты.

«Бүгін Шетпеде алғаш рет өткен кешімді өткізуге мұрындық болған «Заңар асу» ұйымына алғысым шексіз. Шетпеде де өнер өлең сүйер қауымы болғаны мені қуантты. Бұл ауданда небір дүлдүлдер туғаны белгілі. Мен қара шаңырақ Маңығстау ауданының көзі тірі ақындары Әзірбайждан Қонарбаев, Бірғали Байекеев, Нұрлан Мусаев, Аллаберген Қонарбаев, Әнуар Бимағанбет, Сұлтанбек Құдайбергеннің еңбектерін ерекше бағалаймын.» дейді Нұргул Маулина.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы