Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
«Бірлігі жарасқан – Қазақстан»
Добавлено: 08.08.2019
қаралды: 26

«Бірлігі жарасқан – Қазақстан»

12 тамыз Халықаралық Жастар күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің қолдауымен аудан жастары (ұлдар мен қыздар) арасында волейбол ойындарынан ашық турнир өтті. Аталмыш турнирге ауданның әр түкпірінен 10-ға жуық жастар құрама командалары қатысып бақтарын сынады.

Шараның ашылу салтанатында орталық басшысы Аллаберген Қонарбаев  құттықтау сөзбен ашты.

«Бүгінгі шара Жастар  үшін  салауатты өмір салтын насиахттауға арналғана іс - шара. Жастар біздің болашағымыз, сіздерге барша еліміз үміт артып отыр. Бүгінгі шараға қолдау танытықан білім бөлімі,  мәдениет және  спорт бөліміне, аудан әкімдігіне алғысымыз шексіз. Барша ойыншы командаларға сәт - сапар тілеймін» деді А.Қонарбаев.

Бір күнге созылған спорттық сайыс олимпиадалық стандартпен ойнатылып, тартысты өткізілді. Әсіресе, Жаңа Орпа, Ескі Шетпе, Қосбұлақ  командалары арасындағы ойындар өте тартысты өтті.

Жарыс болған соң жүлде болатыны сөзсіз. Сонымен жүлделі бірінші орынды жас «Шоқыр» командасы, екінші орынды жас кәсіпкерлердің «Кәсіпкер» командасы,  ал үшінші орынды «Атымов» құрама командасы місе тұтты. Ал ұйымдастырушылар тарапынан әртүрлі аталымдар бойынша, яғни «Үздік шабуылшы» - Абаева Жансая, «Үздік ойыншы» - Абдиева Жақсыгүл , «Үздік  қорғаушы» – Көбегенова Тұрсынгүл, Жайлаубаев Саламат иеленді. Қатысқан және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы  заттай және командаға арналған киімдермен мен дипломдар табысталды.

«Бүгінгі шараға үшіші рет қатысып отырмын. Ұйымдастырушыларға рахмет айтқым келеді. Осындай жарыстар ауыл жастары арасында жиі өтіп тұрса жақсы болар еді. Біз, Елбасының «Денсаулық» бағдарлмасын қолдай отырып, өзі үлесімізді қосқанымыз үшін қуаныштымыз» дейді «Шоқыр» жастар құрама командасының мүшесі Бағила Ұзақбаева. 

 


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы