Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Бар жақсылық қарттарға..
Добавлено: 10.01.2019
қаралды: 148

Осындай тақырыппен бүгін аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған Еріктілер тобы мен бірлескен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қолдауымен ауыл жастары Шетпе селосындағы Базарлы шағын ауданында тұратын, 80 жастағы 2 - ші топ мүгедегі Спанғали Байдуллаев атаның үйіне барып қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 

Акция аясында жалынды жастар атаның  үй жәйін тазалап, үйдің ішкі жақтауларын ақтап, үйдің айналасына қардан тазалап, тазалық  жұмыстарын жүргізді. 80 жасты алқымдаған Спанғали ата бұрын еш жерде жұмыс жасамаған ата бұл үйде 1992 жылдан бері тұрады.  С.Байдуллаев тағдырдың тауқыметіне тап болып мүгедектікке душар болды. Әсіресе ауыл жастары есіктің алдына үйіліп қалған күл - қоқыстар мен үйдің артқы жағында жыл бойғы жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды тазалауда, аула ішін ретке келтіру ісінде жастардың қуатына арқа сүйеген еді. Бұл іргелі  істе жастар жалқаулық танытпай шара барысында жүйелі түрде ұтымды етіп ұйымдастырылды. Қарт адамдар халық құрамындағы әлеуметтік топ. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашу шығармай сақтау және молайта түсу еді. Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы бола білді.

Өскелең ұрпаққа үлкенге құрмет көрсету, жалғызбасты немесе мүжәлcіз отбасындағы қазынамыз саналатын  қарттарды құрметтеу, оларға барынша жақсылық жасау мен  жастарға патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен акцияда Еріктілер тобының мүшелері, сондай ақ «Аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ және «Жас Отан» жастар қанатының белсенді жастарының белсенділігі  көңіл қуантарлықтай  болды.

«Біз мұндай бастаманы әрі қарай жалғастыратын боламыз. Бүкіл шығындарды жастар өз қалталарынан шығарды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші біреулеріміз әк әкелсе, енді бірі терезе жапқыш, ал қайсы біреулеріміз кілем - төсеніштер, киім кешектер, дәрі – дәрмектермен қол ұшын созып,  әкеліп берді. Шараға ұзын саны 10 ға жуық еріктілер қатысып, белсенділік танытты.» дейді  Еріктілер тобының жетекшісі Әлия Нұрбергенқызы.


Аудан әкімі
Көшмағанбетов Тілек Жеткізгенұлы