Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Жастар жылы жасайтын жұмыстар көп
Добавлено: 08.01.2019
қаралды: 46

Жастар жылы жасайтын жұмыстар көп

Бүгін Шетпедегі  Жастар орталығында аудан әкімі жанындағы Жастар кеңесінің мұрындық болуымен 2019 жылы Жастар жылына арналған жиыны болып өтті.

Жиынды Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қонарбаев жүргізіп отырды. Басқосуда  аудандағы жастар саясатының тұтқасын ұстап жүрген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен, ауыл аймақтардан келген жас көшбасшылар, Еріктілер тобының мүшелері, белсенді жастар  жиналды.  Жиында А.Қонарбаев өткен жылдарда жастармен бірге атқарылған жұмыстары жайында баяндамасын жасады. Ол өз сөзінде орталықтың қандайма болмасын іс шарасы жастарсыз, соның ішінде белсенді  жастарсыз өткен емес. Сондықтан жастарға мемлекет әрқашан басымдық береді, бұл ретте шетпелік жастармен жасотандық жалынды жастардың еңбегі айрықша екендігін ескертті.

« Тұшықұдық, Ақшымырау, Шайыр, Онды ауылдарында жастармен жұмысты әлі де болса жүйелендіру керек. Жастар жылы жұмыстар күшейетіндігін» ескертті А.Қонарбаев.

Жиында Қызан ауылының белсендісі, жастар ісі инспекторы Ж.Телбаевпен мен Өтес ауылының жас көшбашысы Г.Қоштаева өз ауылдарында жүргізілген 2018 жылғы жұмыстары жайында баяндамаларын оқыды. Сондай ақ жарыс сөзде Шетпе селосы әкімдік маманы Арғын Жамбозов  сөз алып жастар мәселелеріне кеңінен тоқталды. 

Мұнан соң  А.Қонарбаев биылығы 2019 жылы атқарылатын іс шараларды ауылдан келген белсенді  жастарға кеңінен түсіндірді.

«Биылғы жылы Елбасының тапсырмасына орай Жастар жылы деп белгіленген еді. Міне сол Жастар жылының алғашқы қадамы жасалды деуге де болады. Сондықтан биылғы жастардың мәдени іс шараларын жиі өткізіп жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты азайту, жұмыссыздықты жою  керек деп ойлаймын.» дейді Өтестік Гүлзира Қоштаева. 


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы