Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Аудан әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Президент жолдауы
Мемлекеттік нышандар
Маңғыстау аудандық Мәслихатының жиырма екінші сессиясы өтті
Добавлено: 26.12.2018
қаралды: 68

  Ағымдағы жылдың 25-ші желтоқсаны күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында депутат Қ.Манаштың төрағалығымен аудандық Мәслихаттың жиырма екінші сессиясы болып өтті.

     Сессия отырысына аудан әкімі Жармағанбет Қайырмағанбетұлы, ауыл әкімдері, ауданға қарасты мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

     Сессияның күн тәртібіндегі «Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №12/145 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы», «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және «2019-2021 жылдарға арналған ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеті туралы» аталған бөлім басшысының есептік баяндамасы тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

     Сонымен қатар сессияға енгізілген «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының ауданда іске асырылуы туралы» бөлім басшысының баяндамасы тыңдалып тиісті шаралар қабылданды.

     Сондай-ақ, «Аудандық Мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» және «Аудандық Мәслихат аппаратының құрылымы және оны ұстауға әрі материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарын айқындау туралы» тұрақты комиссия отырысында қаралып, шешім қабылданды.

     Сессия барысында сөз алған аудан әкімі Жармағанбет Қайырмағанбетұлы 2018 жылды қорытындылай отырып алда атқарылуға тиісті жұмыстарға тоқталып өтті.

     Сессия күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша аудандық Мәслихаттың жиырма үшінші сессиясының төрағалығына №1 Қызылтұран сайлау округінен депутат  Есенгелдиев Балибек Қанашұлы сайланды.


Аудан әкімі
Айтуаров Жармағанбет Қайырмағанбетұлы